Мектеп тынысы

           "№6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы білім беретін  мектеп" Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында орналасқан. Біздің мектеп - тарихы мол, үйретер тәжірибесі мен тәлімі бар мектептердің бірі.

          Алаштың айбынды азаматы №6 Ж.Аймауытов есімі берілген мектеп 1992 жылы ашылып, директор қызметін алғаш Барахова Ақгүл Жапбарқызы атқарды. Мектеп 1992 жылы орыс сыныбын ашу мақсатында С.Ысмайлов жалпы орта мектебінен бөлініп шығып, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Ташимбетова  Валентина Байтановна атқарды. Ал кәсіподақ комитетінің  төрағасы қызметін Ясько Анатолий Григорьевич, 1995-2005 жылдар аралығында кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін Исабаева Мәншүк Әбіласанқызы атқарды. 1998-2003 жылдар аралығында Тастанбеков Әкімбай ағайдың көмегімен мектепке жылу жүйесі кіргізілді. Алғашқыда 1мектепалды дайындық қазақ сыныбы және 11 орыс сыныбынан құралған  мектепте 32 мұғалім жұмыс істесе, уақыт өте келе мұғалімдер мен сыныптар саны көбейе түсті. Мектеп 420 балаға ыңғайластырылып соғылған, алайда қазіргі кезеңде мектепте 1200 оқушы оқып жатыр.

                1992-2000 жылдар аралығында директорлық қызмет атқарған Барахова Ақгүл Жапбарқызы мен   Ташимбетова  Валентина Байтановна  басшылық жасаған кезінде білімді де білікті ұстаздарымыздың арқасында оқушыларымыз биік белестерді бағындыра білді.

         2000-2006 жылдар аралығында  мектеп директоры қызметін Шыршықбеков Қадірхан Исабайұлы атқарды. Ал директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Ташимбетова  Валентина Байтановна, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Тасмуратова Гулжан Колхозевна, 2003-2006 жылдар аралығында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Агилова Дариха Музафарқызы, кәсіподақ комитетінің  төрағасы қызметін   Оразымбетов Хайрулла Махамбетұлы атқарды.

         2006-2012 жылдар аралығында Тұрсынбек Гүлзинат Досқарақызы директорлық қызмет атқарды. Ал директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Ташимбетова  Валентина Байтановна, Агилова Дариха Музафарқызы, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Мусабекова Раушан Тасқұлқызы, кәсіподақ комитетінің  төрағасы қызметін   Оразымбетов Хайрулла Махамбетұлы атқарды.

        2012-2022 жылдар аралығында  директорлық қызметті Тагаева Лазакат Сейдалиевна атқарып келуде. Ал директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Агилова Дариха Музафарқызы, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін Ташимбетова Алия Абдуллақызы, кәсіподақ комитетінің  төрағасы қызметін   Оразымбетов Хайрулла Махамбетұлы, 2018 жылдан бастап Бекжанов Ерғали Ускенбайұлы атқарып келеді. «Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке -білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім керек»,-деп алаштың айбынды азаматы А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі таңда  мектепте білімді де, білікті  103 мұғалім жұмыс істейді.

     2022 жылдан бастап директорлық  қызметті Сабиров Жомарт Абдакимович атқарып келуде. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2023жылдан бастап  Бекбаева Гаухар Бекділдақызы және Касымова Мадина Курбановна, Директордың бейін ісі орынбасары қызметін  Ермурзаева Шолпан Карибаевна,тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Ташимбетова Алия  Абдуллақызы,кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін  2024 жылдан бастап Малдыбаева Нурила Ергешбаевна , директордың шаруашылық  ісі орынбасарының қызметін 2024 жылдан бастап  Ундирбеков Ғабит  Амантайұлы  атқарып келуде. "Мұғалім зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті" -деп, К.Д.Ушинский айтқандай мектебімізде сәуле іспеттес нұр шашып тұратын  22 педагог -зерттеуші, 16 педагог-сарапшы, 9- магистірлік дәрежесі  бар ұстаздарымыз шәкірттерге білім беру үстінде,қызмет атқаруда. Қазіргі таңда мектебімізде  111  мұғалім  білім беруде және 1218 оқушы білім алуда.